Қызылорда облысында есірткі сатқан ерлі-зайыптылар қамауға алынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысында есірткі сатқан ерлі-зайыптылар қамауға алынды

19.01.2023

Қызылорда облысының Аманөткел ауылында есірткі сатумен айналысқан ерлі-зайыптылар қамауға алынды.

Полиция қызметкерлері олардың үйін тінту барысында 2 келіден аса кептірілген марихуанна тәркілеген. Сондай-ақ гашиш және басқа да айғақ заттар табылды.

Шағын елдімекендегі жастарға есірткі жеткізіп тұрған күдіктілерге қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.

Хабарламаларға жазылу