«Ассамблея ТВ»: Отандық телевизия жаңа арнамен толықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ассамблея ТВ»: Отандық телевизия жаңа арнамен толықты

17.01.2023

Отандық телевизия жаңа арнамен толықты. Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Ассамблея ТВ» телеарнасының таныстырылымы өтті. Тәулік бойы үш тілде хабар тарататын арнаның мақсаты: этносаралық бірлік пен келісімді нығайту. Эфирде Қазақстан халқы Ассамблеясының жаңалықтары, мәдени ойын-сауық бағдарламалар, елдегі этномәдени бірлестіктердің арнайы жобалары көрсетіледі. Жалпы, телеарна өткен жылдың 15 қыркүйегінен бастап «Қазақтелеком» компаниясының платформасында iD TV – кабельдік теледидар пакетінде таратылады. Сондай-ақ «TV+» мобильді қосымшасында қолжетімді.

Саида Үкібаева, «Ассамблея ТВ» телеарнасының бас продюсері:
Қазіргі таңда өзіміздің жеке жобаларымыз бар. Ол «Этно news» - Қазақстан халқы Ассамблеясының атқарып жатқан жұмыстарымен халықты хабардар етеміз. Этностардың салт-дәстүрі, мәдениеті мен тарихын көрсететін арнайы жоба бар. Сонымен бірге, қыз-келіншектерге арналған «Асхана», балаларға арналған ойын-сауықтық бағдарламалар көрсетіледі.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу