Шымкент қаласында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті білім беру саласына бөлінген мемлекет қаржысының мақсатты жұмсалуын тексеруге кірісті. Былтырғы жылы мегаполисте балаларды оқытуға қазынадан 200 миллиард теңге жұмсалған. Арнайы жасақталған топ білім мекемелеріндегі ұстаздардың жұмысқа орналасуы, педагогтарды аттестациядан өткізу ісі, оқушыларға берілетін ыстық тамақ және жан басына шаққандағы қаржыландыру жайын тексеріп шықпақ. Шымкент қаласының білім саласында соңғы 5 жылда 44 жемқорлық фактісі әшкереленген. 16 адам қылмыстық жаза арқалаған болса, оның 9-ы басшылық құрамдағы лауазымды қызметкерлер.
Дәурен Ерғарин, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қалалық департамент басшысының міндетін атқарушы:
Осыған байланысты болашақта қайталамау мақсатында білім беру саласында сыртқы талдау басталды. Арнайы топ бейінді басқарманың ішкі процестерінің тәуекелдерін зерттеп, соңғы жылда игерілген 200 миллиард теңгенің мақсатты жұмсалуын қарастыратын болады.
Ғани Қалмаханов