Петропавлда қоқыс шығару ақысы қымбаттайды
Петропавлда қоқыс шығару ақысы қымбаттамақ. Коммуналды компаниялар бағаны 220-дан 480 теңгеге дейін өсірмек. Бұл – әр адам басына төленетін ақша. Қалада тұрмыстық қалдықтарды шығарумен 4 компания айналысады. 37 мыңнан астам абонемент тіркелген. Олардың мәліметінше Петропавл тұрғындарының қоқыс шығару үшін жалпы қарызы 25 млн теңгеден асып кеткен. Бұл жағдай жұмысты сапалы атқаруға кедергі келтіреді дейді. Ал тариф соңғы 4 жыл бойы өзгермегенін алға тартады. Бірақ тұрғындар олармен келіспей отыр.
Надежда Ульман, қала тұрғыны:
Әсіресе, зейнеткерлер үшін қымбат. 4 адамнан тұратын отбасы ай сайын 2 мың теңгеге жуық ақша төлейді. Оның үстіне қоқыс дер кезінде шығарылмайды. Тау болып үйіліп жататынын талай көрдік.
Лариса Пономарева, коммуналдық компания өкілі:
Жанар-жағармай, қосалқы бөлшектер басағы қымбаттады. Біз тариф мәселесін екі жыл бұрын көтерген едік. Қарастырылғанша көп уақыт өтті. Осы салада жұмыс істейтін компаниялардың жағдайы мүшкіл. Біз пайда тауып отырған жоқпыз.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елімізде бір жылда 298 медициналық мекеме салынды
22.01.2026, 21:36
«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының иегерлері марапатталды
22.01.2026, 21:36
«Келешек мектептерінің» 40 пайыздан астамы ауылдық жерде ашылды
22.01.2026, 21:34
«Ақтөбе – Ұлғайсын» төрт жолақты жолының құрылысы 2 жылда бітеді
22.01.2026, 20:46
«Келешек мектептері»: 7 мектепте үш ауысым мәселесі шешілді
22.01.2026, 20:32
Шетелдік сарапшылар: Қазақстанда ауқымды демократиялық реформалар жүзеге асып жатыр
22.01.2026, 20:28
Конституциялық реформа – бетбұрыс кезеңі
22.01.2026, 20:27
Техникалық апатқа байланысты арнайы комиссия құрылды
22.01.2026, 20:19