Ұлытау облысында «Ауыл – ел бесігі» жобасына бөлінген қаражат игерілмеген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлытау облысында «Ауыл – ел бесігі» жобасына бөлінген қаражат игерілмеген

17.01.2023

Ұлытау және Батыс Қазақстан облыстарында ауылға бөлінген қаржы нашар игеріліп жатыр. Соның салдарынан «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында қолға алынған

О
тырыста жоба тағы бір пысықталды. «Ауыл – ел бесігі» жобасын іске асыру үшін ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. Өткен жылдары жоба шеңберінде тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, көлік, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салалары бойынша жалпы құны 326 млрд теңге болатын 4 мыңға жуық жоба іске асырылған. Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарында жобаларды пайдалануға беру қарқыны жақсы. Ал Ұлытау және Батыс Қазақстан облыстарында бұл көрсеткіш деңгейі төмен. Үкімет басшысы біздің басты мақсатымыз – ауылдағы өмір сапасын жақсарту, - деді.

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-министрі:

Ұлттық экономика министрлігі облыс әкімдіктерімен бірге «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасының инфрақұрылымдық жобаларын сапалы, уақытылы іске асыруды қамтамасыз етуі керек. Ауылдық аумақтарды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасын әзірлеу барысында болашағы бар ауылдарды айқындау әдістерін өзектендіріп, Өңірлік стандарттар жүйесін жетілдіру жөніндегі жаңа тәсілдерді ескерсін. 

Жалпы алдағы бес жылда әлеуеті жоғары үш жарым мың ауылдың бәрін Өңірлік стандарттар жүйесіне сай дамыту жоспарланып отыр. Оған сәйкес, ауылдарда сапалы жолдар мен мәдениет, спорт және денсаулық сақтау нысандары, мектептер міндетті түрде болуы тиіс. Сондай-ақ, ауыл инфрақұрылымын дамытуға баса мән беріледі. Үкімет отырысында 2027 жылға қарай ауылдық елді мекендерде судың сапасы мен жолдардың жағдайы жақсарып, инженерлік желілер жөнделетіндігі айтылды. Әлеуметтік, мәдениет және спорт объектілері салынады. 40 мыңға жуық жұмыс орны ашылады деп жоспарланған.


Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу