Қытайда бір айда коронавирустан 60 мыңдай адам қайтыс болған
Қытайда желтоқсанның 8-нен қаңтардың 12-не дейін коронавирустан 60 мыңдай адам қайтыс болған. Мұны жергілікті басшылық мәлімдеп отыр. Бұл мемлекет «нөл-ковид» саясатынан желтоқсанның 7-де кенеттен бас тартты. Содан кейін инфекция 1,4 миллиард халқы бар елге бақылаусыз тарай бастаған.
Қазір Қытайда миллиондаған адам пойыздарға, ұшақтарға, автобустарға, кемелерге мініп, туған ауылдары мен қалаларына аттанып жатыр. Өйткені мұнда қаңтардың 21-де шығыс күнтізбесі бойынша Жаңа жыл мерекесі басталады. Сол мейрам барысында 2 миллиард сапар жасалып, коронавирус тіпті өршиді деген қауіп бар.
Чжоу Нинь, мигрант жұмысшы:
Мен вирусқа алаңдамаймын. Өйткені жас кезімнен иммунитетім жақсы. Бірінші тексеріс оң нәтиже берді. Өйткені ол кезде волонтер болып, науқастармен жиі кездестім. Карантин тоқтағаннан бері коронавирусқа шалдыққан жоқпын. Бірақ қазір жұқтырып жатқандар көп. Соған қарамастан, туған жеріме кетіп барамын. Алаңсыз сапарға шықтым, себебі тағы ауырмайтыныма сенімдімін.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17