Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаһандық Оңтүстік дауысы» виртуалды саммитіне қатысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаһандық Оңтүстік дауысы» виртуалды саммитіне қатысты

15.01.2023

Осы аптада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модидің шақыруымен «Жаһандық Оңтүстік дауысы» виртуалды саммитіне де қатысқан еді. Мемлекет басшысы қазір әлемде болып жатқан дағдарыстар орнықты дамуды қамтамасыз ету және климаттың өзгеруіне қарсы күрес жөніндегі 2015 жылы келісілген шараларға кедергі келтіріп отырғанын мәлімдеді. Қасым-Жомарт Тоқаев барлық елді Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін күш біріктіруге шақырды.

Президент климаттың өзгеруіне қатысты мәселеге де тоқталды. Мемлекет басшысы әлемдегі орташа деңгеймен салыстырғанда температура Орталық Азияда тез көтерілетінін атап өтті. Соңғы бірнеше жылда Орталық Азия аймағының бес елінде қатты қуаңшылық болғанын еске салды.

Сондай-ақ, Президент дүниежүзілік азық-түлік тапшылығымен күресте Қазақстан өзінің ауыл шаруашылығы әлеуетін одан әрі пайдалануға ниетті екенін де мәлімдеді. Оның пікірінше, азық-түлік пен тыңайтқыштардың халықаралық саудасына санкция салынбауы керек. Саммитке Қазақстан Президентімен қатар Азия, Африка және Латын Америкасындағы бірқатар елдің басшылары қатысты.


Хабарламаларға жазылу