Қолайсыз ауа райы: Тас жолда 800-ге жуық автокөлік қалып қойды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қолайсыз ауа райы: Тас жолда 800-ге жуық автокөлік қалып қойды

14.01.2023

Бұрқасынға байланысты жол жабылып трассада 800-ге жуық автокөлік қалып қойған. Полицейлер оларды Астанаға және Павлодар облысының шекарасына дейін жол бастап, жеткізіп салды. Боран кезінде Астана – Ерейментау – Шідерті республикалық тас жолында көліктің көп жиналу ағыны байқалған. Күні бойы тәртіп сақшылары елордадан Павлодар облысының шекарасына дейін 300-ге жуық, ал 500 автокөлікті Павлодар облысынан Астанаға дейін кері бағытта алып жүрген.

Асылбек Данияр


Хабарламаларға жазылу