Шығыс Қазақстандағы мәслихат депутаттары өз таңдауын жасап жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстандағы мәслихат депутаттары өз таңдауын жасап жатыр

14.01.2023

Шығыс Қазақстан облысындағы барлық деңгейдегі мәслихат депуттары да бүгін өз таңдауын жасап жатыр. Бұл өңірден Парламент Сенатының депутаттығына 3 кандидат тіркелген. Оларға әр деңгейдегі маслихаттың 146 депутаты дауыс береді. Дауыс беру басталмас бұрын сайлаушылар электронды тіркеуден өтті. Тіркеу процесі Орталық сайлау комиссиясының басты экранында онлайн жүйесінде көрсетіліп тұрды. Одан соң облыстық Сайлау комиссиясының төрғасы маслихат депутаттарына дауыс берудің ережесін түсіндірді. Сосын депутаттар дауыс бере бастады.

Хабарламаларға жазылу