Ақтаудағы жарылыстың себебі анықталуда
Ақтауда жарылыстан зардап шеккен 2 науқастың жағдайы өте ауыр. Дәрігерлер оларды аман алып қалу үшін қажетті медициналық шараның бәрін істеп жатыр. Ал үшінші науқастың жағдайы тұрақты. Зардап шеккендердің үшеуі де Өзбекстан азаматы. Бұған дейін хабарлағанымыздай, кеше кешке қаладағы техникалық қызмет көрсету орталықтарының бірінде тұрмыстық 6 газ баллоны жарылды. Салдарынан сол орталықта жұмыс істейтін 1 адам қайтыс болып, тағы 3 жұмысшы зардап шекті. Өрт сөндірушілер жойқын жарылыстың алдын алып, тағы 17 газ баллонды сыртқа шығарып үлгерген. Төтенше оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды.
Самалбек Жұмағұлов, травматолог-дәрігер:
Бізге қызыл аймаққа 2 жағдайы ауыр науқас қелді. Біреуі 19 жастағы бала, ол жансақтау бөлімінде. Біреуі 1972 жылғы жігіт жансақтау бөлімінде. Екеуі де аппаратта жатыр. Екеуінің де жағдайы ауыр, 60-65 пайыз.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Дүниежүзілік экономикалық форум өтіп жатыр
22.01.2026, 20:15
Тұрғын үй бағасының шекті сомасын бекіту ұсынылды
22.01.2026, 20:07
Президент Давоста бірқатар кездесу өткізді
22.01.2026, 20:04
Қ.Тоқаев пен Д.Трамп арасындағы қысқаша әңгіменің мазмұны жарияланды
22.01.2026, 20:03
Президент Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қойды
22.01.2026, 20:01
Саясаттанушы: Қазақстанда ауқымды демократиялық реформалар жүзеге асып жатыр
22.01.2026, 17:47
Әскер сапындағы сегіз қырлы сарбаздар
22.01.2026, 17:39
Екі мыңға жуық жазасын өтеуші жұмыспен қамтылды
22.01.2026, 17:38