Украинада жертөледегі мейрамханаға сұраныс жоғары
Қарулы қақтығыс Украинаның ресторан бизнесіне түбегейлі өзгеріс енгізді. Электр энергиясыз қалған кафе мен мейрамханалар генератордың көмегімен жұмыс істеуге бейімделді. Жертөлесі бар тамақтану нысандарына сұраныс артқан.
Ал сауда орталығының ішінде орналасқан мейрамханалар шығынға батты. Өйткені мемлекеттің талабы бойынша дабыл кезінде ірі сауда орындары жұмысын тоқтатуы тиіс. Ал дабыл күніне 3 рет екіден төрт сағатқа дейін жалғасуы мүмкін.
Зымыраннан зақымданған сауда орталықтарындағы тамақтану орындары мен кафелердің де жұмысы тоқтаған. Украинадағы ұлттық мейрамханалар қауымдастығының мәліметі бойынша, елде 7 мың ресторан мен кафе жабылды.
Максим Ребенок, сатушы:
Бір жылға жалғасқан қақтығыста біз жаңа жағдайда жұмыс істеуге бейімделдік. Дабылға да бойымыз үйренген сияқты. Әрине, бұрынғыдай сатылым жасамаймыз, жарықтың жоқтығы өз алдына үлкен проблемаға айналды. Жаңа жыл кезінде кішкене бизнесіміз жақсы жүрді. Көбіне Киевте сауданы шетелдіктер жасайды.
Аида Әбіл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті
06.06.2026, 20:06
Ауа тазалығы жіті бақылауда
06.06.2026, 20:05
Қаланың сәулеттік келбеті жаңарады
06.06.2026, 20:05
Ресей мен Украина тұтқын алмастырды
06.06.2026, 20:05
Арменияда ертең парламенттік сайлау өтеді
06.06.2026, 20:05
Саяси реформалар – тұрақты даму кепілі
06.06.2026, 20:05
Ет экспорты 4 есе артады
06.06.2026, 20:05
Шахматтан турнир өтті
06.06.2026, 20:04