Газ бағасын енді Энергетика министрлігі реттейді
Бұдан былай газ бағасы мемлекет тарапынан реттеледі. Осыған қатысты заң жобасын Мәжіліс бірінші оқылымда мақұлдады.
Құжатта бөлшек және көтерме саудадағы бағасын мемлекеттік реттеу тәртібін өзгерту, газ толтыру пункті, станциясы, мұнай-газ-химия өнімдері секілді ұғымдарды нақтылау туралы жазылған. Сонымен бірге дер кезінде ақпарат алу үшін сұйытылған газды ілеспе жүкқұжаттарды рәсімдеуге міндетті тауарлар тізбесіне енгізу жоспарланып отыр. Энергетика вице-министрі Асхат Хасеновтың сөзінше, жергілікті атқарушы органдардың облыс ішінде газ лимитін бөлуге жауапкершілігін күшейту де қарастырылған. Яғни, бұдан былай сұйытылған газды автогаз станцияларына әкімдіктер бөледі.
Асхат Хасенов, ҚР Энергетика министрінің орынбасары:
Біздің министрлік пен Ұлттық экономика министрлігі келісімімен арнайы ережелерге өзгеріс енгізіледі. Болашақта бағаны бөлшек саудада да, көтерме сауда да Энергетика министрлігі бекітеді. Сұйытылған газды жеткізу және жоспарды бекіту жөнінде арнайы ережелерге өзгеріс енгіземіз.
Ақерке Бектас
Автор
Ақерке Бектас
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Тұрғындар ауылдың айналасын жасыл желекпен көмкерді
21.04.2026, 20:55
Қазақ елі Мұхтар Шахановты ақтық сапарға шығарып салды
21.04.2026, 20:53
Мемлекет басшысы Тәжікстан президентімен кездесті
21.04.2026, 20:39
Күніне орта есеппен 113 адамды ит қабады
21.04.2026, 20:19
Субсидияға қолы жетпеген 600 омарташының 200-і кәсібін тастап кеткен
21.04.2026, 20:10
Экологиялық саммит ғылым мен бизнесті біріктіреді
21.04.2026, 20:05
Исламабадта АҚШ - Иран келіссөздеріне дайындық жүріп жатыр
21.04.2026, 20:05
Келесі жылы ҰБТ-ға балама енгізіледі
21.04.2026, 20:05