Зеленский Батыстан көбірек қару сұрады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зеленский Батыстан көбірек қару сұрады

11.01.2023

Батыстың Украинаға заманауи қару-жарақ беруі өте маңызды. Президент Владимир Зеленский осылай деп мәлімдеді. 

Оның сөзінше, Ресей қақтығысты өршіту үшін күш жинап жатыр. Бейне жолдауында Зеленский әлемде Ресейдің басқыншылығын тоқтатуға қажеттінің бәрі бар,- деп мәлімдеді. Соңғы мәліметтерге сай, Бахмут қаласы мен оның төңірегін қорғап жатқан Украина күштерінің жағдайы қиындаған.

Ресей әскері жергілікті армияның қорғаныс шебін бұзып, Соледарға қарай ығыстырған. Енді екі қала да жартылай қоршауға түсті. Бұл жерде қиянкескі ұрыс жалғасып жатыр.

Әскери сарапшылардың пікірінше, Соледар құласа, Бахмут қаласына шабуыл күшеюі мүмкін.  

Арай Төлеген

Хабарламаларға жазылу