Петропавлда парацетамол тапшы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлда парацетамол тапшы

10.01.2023

Петропавлда парацетамол тапшы. Аталған препаратты қаладағы 200-ге тарта дәріхананың біреуінен ғана табуға болады. Фармацевттердің айтуынша, қазіргі қор бірер аптаға ғана жетеді. Дәрінің бағасы қымбаттамаған, біреуі 85 теңгеден саудаланып жатыр.

Евгения Сенченко, фармацевт:

Күніне орта есеппен 300-400 адам парацетамол іздеп келеді. Біз дәрі-дәрмек тапшылығы болатынын болжап, күзде көп алып қойғанбыз.


Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті облыстық департаментінің мамандары қолайсыз ауа райына байланысты дәрі-дәрмектің кезекті партиясы өңірге дер кезінде жетпей қалғанын айтты. Тапшылықтың туындауына сұраныстың артуы да себеп болып отыр.

Өңірде жұқпалы аурулар өршіп тұр. В типті тұмауға шалдыққандар саны былтырғы жылмен салыстырғанда 7 есе көбейіп, жалпы саны 245 адамға жетті. Шошқа тұмауын жұқтырған 17, гонконг тұмауымен ауырған 4 науқас тіркелді.


Айнаш Сағындықова, облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы:

Науқастардың ішінде 49 жүкті әйел, 14 жасқа дейінгі балалар, 83 бала тіркелді. Ауырып қалмау үшін бетпердені дұрыс кию, әлеуметтік қашықтықты сақтауға және мүмкіндігінше адамдар көп жиналатын жерге бармауға кеңес береміз.
Эльмира Кәленова

Хабарламаларға жазылу