Маңғыстауда жанармай тиелген цистерна жарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстауда жанармай тиелген цистерна жарылды

09.01.2023

Маңғыстауда жанар-жағармай тиеген көліктің цистернасы жарылып, 2 адам зардап шекті. Оқыс оқиға Мұнайлы ауданында жекеменшік көлік компаниясының базасында болды.

Жарылыстың салдарынан 34 және 42 жастағы екі тұрғын түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің мәліметі бойынша, науқастардың жағдайы ауыр. Жарылыстың себебі анықталып жатыр.

Аягөз Оралбайқызы

Хабарламаларға жазылу