Астанадан шығатын бірқатар бағыттағы жол ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанадан шығатын бірқатар бағыттағы жол ашылды

09.01.2023

Ауа райының тұрақталуына байланысты Астана қаласы мен Ақмол ауылын жалғайтын жол барлық автокөлік түрлеріне ашық. Сонымен қатар бүгін түнде «Екатеринбург-Алматы» тасжолының аралығы ашылды.

Республикалық маңызы бар «Астана-Ерейментау-Шідерті» тасжолының 16-200 шақырымында қозғалыс жанданды. Сондай-ақ «Астана-Петропавл» жолының 18-291 шақырым аралығы, яғни Астанадан Көкшетауға дейінгі учаске ашылды.

Дегенмен бүгін Астанада бірінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары қашықтан білім алады. Ал жалпы қолайсыз ауа райына байланысты еліміздің сегіз өңірінде оқушылар мектепке бармайды. 

Азамат Бейбітұлы

Хабарламаларға жазылу