Шымкент қаласында энергия өндіретін жаңа кешеннің құрылысы басталды
Шымкент қаласында кәріз суын қайта тазартып, одан энергия өндіретін жаңа кешеннің құрылысы басталды. 3,5 млрд теңгеден астам қаржыға соғылатын нысан екі жылдан соң іске қосылмақ. Нәтижесінде қазіргіге қарағанда тәулігіне 50 мың текше метр қалдық су артық өңделеді.
Шаһардағы кәріз жүйесіне қосылған аумақтың көлемі 60 пайызға жетеді. Бұл көрсеткіш бүгінгі таңда небәрі 46 пайыздың төңірегінде. Жаңа кешеннің жұмысына қажетті биогаз бен электр қуаты сол жерде өндіріледі. Қазірдің өзінде су тазарту нысанында сағатына 4 миллион килловат энергия шығарылады.
Жалпы халық санының көбеюі және іргелес елді мекендердің мегаполис құрамына енуіне байланысты кәріз жүйесі мәселесі күрделеніп келеді. Оны шешу үшін алдағы үш жылдың ішінде 350 мың текше метр қалдық су тазартатын тағы бір ірі нысан салынбақ. Бұл кезеңде мегаполис тұтастай орталық кәріз жүйесіне қосылады.
Анарбек Орман, «Су ресурстары-маркетинг» ЖШС басшысы:
50 мың текше метр болса сондай қондырғыларды ұлғайтамыз. Сағатына 4 мың куб газ өндіріп жатсақ, оның көлемін 6 мыңға жеткіземіз деген ойымыз бар. Сол потенциалды пайдаланып, қажетті энергияның 95 пайызын өзіміз өндіретін боламыз.
Ғани Қалмахан
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Болашақ ойындарында мыңға жуық волонтер қызмет етеді
23.07.2026, 20:45
ШҚО-да республикалық ардагерлер ұйымының кеңесі өтті
23.07.2026, 20:40
Еңбек нарығында оң динамика байқалады
23.07.2026, 20:38
Елімізде жеке ортездер шығаратын алғашқы мемлекеттік өндіріс іске қосылады
23.07.2026, 20:35
4 700-ден астам адам ағза ауыстыруға мұқтаж
23.07.2026, 20:29
Алматыда бесінші қабаттан құлаған 4 жасар бала аман қалды
23.07.2026, 20:23
Ресейде су тасқыны үйлерді шайып кетті
23.07.2026, 20:22
Қостанайда жастар өзен жағасын жинап жарысты
23.07.2026, 20:22