ҰҚК елдегі үш қаладан 16 тонна есірткі тәркіледі
Ұлттық қауіпсіздік комитеті еліміздің үш қаласында арнайы операция өткізіп, 16 тонна есірткі тәркіледі. Жедел әрекет ету нәтижесінде Петропавл қаласында есірткі қылмысына қатысты топ ұсталып, 5 жарым тоннаға жуық апиын түрі алынды.
Осы операцияның екінші кезеңінде Өскеменде 1 тонна көкнәр шикізатын алу үстінде есірткі тасымалдаушы азамат ұсталды. Сонымен қатар Қарағандыда жалға алған қоймаларда 10 тоннадан аса есірткі шикізатын сақтап келгендердің әрекеті әшкере болды.
Аркен Абдуғали, ҚР ҰҚК ресми өкілі:
Тінту шаралары барысында есірткі қылмысына қатысты топ қатысушыларына жарақаттаушы және суық қару, ірі көлемде ақшалай заттар табылып, алынды. Алдын-ала тергеу анықтағандай, аталған апиын тамақ өнімдері түрінде шетелден Қазақстан аумағына кіргізіліп, есірткіге тәуелді ортада саудаланған.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17