Киев атысты тоқтатуға келіспеді
Ресей президенті Владимир Путин Украинадағы атысты 36 сағатқа тоқтатуға бұйрық берді. Мұндай шешімді ол Православтық Рождество мерекесіне орай қабылдаған. Осылайша 10 айдан астам уақыт бұрын басталған қарулы қақтығыс кезінде алғаш рет бітім жарияланып отыр.
Кремль басшысы мәлімдегендей, Украинада ымыра қаңтардың 6-7-сі күндері әрекет етуі керек. Алайда Киев бұл ұсынысты қабылдамады.
Президент Владимир Зеленскийдің сөзінше, Ресей осы үзілісті пайдаланып, Украина әскерінің шығыстағы қарымта шабуылын тоқтатқысы келеді және майдан даласына қосымша жауынгер мен құрал-жабдық жеткізуді көздеп отыр.
Ал АҚШ пен Германия Украинаға «Брэдли», «Мардер» атты брондалған машиналарын беруге келісті. Берлин мен Вашингтон Киевке тағы бір «Пэтриот» батареясын жіберетін болды.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Вашингтонда бүгін Израиль-Ливан келіссөзі өтеді
14.04.2026, 20:15
Вашингтон мен Тегеран келіссөздердің екінші раундын өткізу мәселесін талқылап жатыр
14.04.2026, 20:12
Ертеңнен бастап мобильді аударымдар тексеріледі
14.04.2026, 20:10
Елімізде өңдеу өнеркәсібінің көлемі 8,5 пайызға өсті
14.04.2026, 20:07
Ажырасуға өтінім берген 400-ге жуық ерлі-зайыпты татуласты
14.04.2026, 20:05
«Қазақстан халқына» қоры: 134 қайырымдылық жоба бекітілді
14.04.2026, 20:05
Күніне 100-ден астам адамды ит қабады
14.04.2026, 20:05
Былтыр Жетісу облысына 610 млрд теңге инвестиция тартылған
14.04.2026, 20:04