АҚШ Украинаға жаңа әскери көмек аттандырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ Украинаға жаңа әскери көмек аттандырады

05.01.2023

Жыл басында біраз мемлекет Украинаға жаңа әскери көмек аттандыратынын мәлімдеді. АҚШ қосымша «Хаймарс» кешенімен бірге «Брэдли» әскери көлігін жібермек. Ақ Үй өкілдері қыстың келуімен Украинадағы қарулы қақтығыстың күшейе түскенін мәлімдеді.

Норвегия болса, Киевке қару-жарақтың бірнеше түріне қолдануға болатын 10 мыңдай артиллериялық снаряд жөнелтіп отыр. Ал Франция жеңіл танк санатына кіретін «Эй-Ми-Икс» машинасын беруге дайын. 

Арай Төлеген

Хабарламаларға жазылу