Маңғыстау облысында электр желілері жаңартылып жатыр
Маңғыстау облысы Ақшұқыр ауылындағы Бегей шағын ауданының тұрғындарына газ берілді. Каспий теңізінің жағасындағы ауылда барлығы 13 мыңнан астам халық тұрады. Мұнда әлі де газ құбыры тартылмаған 1,5 мыңға жуық жер учаскесі бар.
Оларды биыл жыл соңына дейін көгілдір отынмен қамту жоспарланған. Ол үшін республикалық бюджеттен 1 млрд теңгеден астам қаржы бөлініп, жоба жасалды. Қазір газ құбырының 60 пайызы тартылып тұр. Электр желілері де жаңартылып жатыр.
Еркін Егізбаев, Ақшұқыр ауылының тұрғыны:
Осы уақытқа дейін біздер 14-ші км-ден тоқ алып отырғанбыз уақытша кернеуден. Тоқтың да көзі әлсіз болды, көп үйлер көбейген сайын. Қосып береміз деп тағы да бағаналарын қойып жатыр, кабельдерін тартып жатыр.
Рахат Елтизаров, Түпқараған ауданының әкімі:
1300 учаскеге қазір желіні тартып жатыр. Ақшұқырдың ішінде қазір 2 этапқа бөлінеді. Бұл тоқ желілерін де ең бірінші Бегейден бастап отырмыз. Барлық монтаждау жұмыстары аяқталды. Осы жақын күндері іске қосамыз деп, бұны да тоқты да береміз.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17