Үкіметтің жаңа жылдағы алғашқы жұмыс кеңесі өтті
Үкіметтің 500-ден аса функциясы министрліктер мен әкімдіктерге беріледі. Жаңа жылдағы алғашқы жұмыс кеңесін өткізген Премьер-Министр Әлихан Смайылов осылай деп мәлімдеді. Яғни бұдан былай елдегі барлық салалық мәселе министрлердің бұйрығымен қабылданады.
Жиында Премьер-Министр кеңсесін Үкімет аппараты ретінде қайта құру мәселесі де қаралды. Сонымен бірге Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экология және табиғи ресурстар министрлігі болып қайта құрылды. Ал геологиялық зерделеу саласы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне берілді.
Сондай-ақ Әлихан Смайыловтың сөзінше, биыл Үкіметтің алдында ауқымды міндеттер тұр. Олар- экономиканың 4%-ға өсуін қамтамасыз ету, инфляцияны 9,5%-ға дейін төмендету және 24 млрд доллардан аса тікелей шетелдік инвестиция тарту .
Ақерке Бектас
Автор
Ақерке Бектас
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Балғын балуандар бәсекесі
06.06.2026, 20:06
ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті
06.06.2026, 20:06
Ауа тазалығы жіті бақылауда
06.06.2026, 20:05
Қаланың сәулеттік келбеті жаңарады
06.06.2026, 20:05
Ресей мен Украина тұтқын алмастырды
06.06.2026, 20:05
Арменияда ертең парламенттік сайлау өтеді
06.06.2026, 20:05
Саяси реформалар – тұрақты даму кепілі
06.06.2026, 20:05
Ет экспорты 4 есе артады
06.06.2026, 20:05