Мьянманың әскери соты Аун Сан Су Чжиді тағы 7 жылға бас бостандығынан айырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мьянманың әскери соты Аун Сан Су Чжиді тағы 7 жылға бас бостандығынан айырды

30.12.2022

Мьянманың әскери соты бұрынғы мемлекет басшысы, Нобель сыйлығының бейбітшілік аталымы бойынша иегері Аун Сан Су Чжиді тағы жеті жылға бас бостандығынан айырды. Саясаткерге берілген жалпы жаза мерзімі 33 жылға дейін ұзартылып отыр. Мьянмада 2021 жылы ақпанда төңкеріс болып, билік генералдардың қолына өткен еді. Содан кейін Аун Сан Су Чжи тұтқындалып, оған 19 түрлі айып тағылды. Пара алу, сайлау ережелерін бұзу, пандемия кезінде шектеулерге бағынбау тәрізді баптар бар. Ел астанасында жалғыз адамдық камерада отырған 77 жастағы саясаткер өзіне тағылған айыптарды ақылға қонымсыз деп атады. Ешқандай заңсыздыққа бармағанын мәлімдеп келеді. Әскери билік болса, соттардың тәуелсіз екенін және құқықтық процедуралардың толық сақталғанын алға тартып отыр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу