Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов мамандандырылған бөбектер үйінің тәрбиленушілерін келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, ел Президенті жолдаған сыйлықтарды табыс етті.
Балалар ертегі кейіпкерлерімен бірге әсем безендірілген жасыл шырша мерекесінің көрігін қыздырды. Олар Аяз ата және Қарша қызбен қол ұстасып, өздерінің түрлі өнерлерін көрсетті. Би билеп, ән салды. Тақпақ айтып, ойын ойнады. Сөйтіп үлкендерді өнерлерімен тәнті еткен балалар түрлі сыйлықтар алды.
Бөбектер үйінде 4 жасқа дейінгі жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тәрбиеленеді. Ақыл-ой және дене дамуында ақауы бар бүлдіршіндерге медициналық көмек көрсетіліп, түрлі ем-шаралық қызметтер ұсынылады. Қазір бөбектер үйінде 33 тәрибеленуші бар.
Ғалымжан Айнабеков, мамандандырылған бөбектер үйінің басшысы:
Бұл жерде тастанды, жартылай жетім балалар, денсаулығында ақауы бар балалар. Мұнда оларға барлық жағдай жасалған. Бірақ мейірім де керек. Келіп басынан сипап, сый беріп жатса қуаныш, бізге де мәртебе.
Ғани Қалмахан