Анкарада А.Байтұрсынұлына ескерткіш қойылды
Түркия астанасы Анкара қаласында Ахмет Байтұрсынұлының ескерткіші мен ақын атындағы саябақ ашылды. Ағартушының 150 жылдығына орай бой көтерген қола мүсін ондаған туындының ішінен таңдалып алынған.
Ұлт ұстазының отырған сәті сомдалған ескерткіштің тұғырымен қоса есептегендегі биіктігі - 4 метр. Ал осы Етимесгут ауданындағы саябақтың жалпы аумағы - 8 мың шаршы метр. Онда демалыс орындары мен спорт алаңдары жасалып, 150 түп ағаш егілген.
Биыл Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы Түркияда кең көлемде аталып өтті. Бірнеше қалада Ұлт ұстазының өмірі мен шығармашылығына арналған конференциялар өтіп, еңбектері түрік тіліне аударылды.
Еркебұлан Сәпиев, Қазақстанның Түркиядағы төтенше және өкілетті елшісі:
Ахмет Байтұрсынұлы атамыздың ескерткішін тұңғыш рет Түркия елінің елордасы әрі бас қаласы Анкарада ашып отырмыз. Меніңше, осындай әр елдің Түркияның, Қазақстанның әр халықтың үлкен тумаларға осындай ескерткіштің ашылуы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға үлкен үлес қосады.
Айдос Әшім
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27
Дүниежүзілік тазалық күні: Еліміз бойынша жалпыхалықтық сенбілік өтті
19.09.2026, 20:30
Астанада тазылар көрмесі өтті
19.09.2026, 19:35
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05