Украина халқы электр жарығынсыз қалды
Украина президенті Владимир Зеленскийдің мәлімдеуінше, бейсенбідегі Ресейдің әуе шабуылдарынан кейін электр жарығы өшті. Жағдай әсіресе, ел астанасында, Львов, Одесса мен Херсонда, Киев, Винница мен ЗакарПатье облыстарында күрделі. Украина әскерилерінің дерегінше, бір күнде Ресей ел аумағына 70-ке жуық зымыран жіберген.
Олардың 54-і атып құлатылды. Әуе дабылы күллі ел аумағында, соның ішінде Киевте 5 сағат бойы дамылсыз іске қосылған. Ресей әскерилері Украинаның энергетикалық жүйесіне қазанның онынан бері үздіксіз соққы беріп жатыр. Шабуылдар қақаған кыста миллиондаған адамды жарықсыз, жылу мен сусыз қалдырды. Зеленский тағы бір сөзінде Ресей жаңа жылға дейін Донецк облысын басып алу идеясынан бас тартқан жоқ деп мәлімдеді.
Арай Төлеген
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда ОСК төрағасы сайлау учаскелерінің дайындығын тексерді
15.08.2026, 20:05
Әлемдегі үздік жас бағдарламашылардың бестігіне енді
15.08.2026, 20:04
Астанада халықаралық мектеп ашылды
15.08.2026, 20:03
ДСМ: Балаларға стоматологиялық көмек қолжетімді болуы керек
15.08.2026, 20:02
Астана тұрғындары Шәмші Қалдаяқовтың құрметіне ұйымдастырылған музыкалық челленджге қосылды
15.08.2026, 16:39
«Lotus Fest-2026»: 94 адам Run марафонына қатысты
15.08.2026, 14:07
Smart City жүйесін дамытудың жаңа ережесі бекітілді
14.08.2026, 20:44
«Shaiqas-2026»: Ұлттық әскери-инженерлік чемпионаты өтіп жатыр
14.08.2026, 20:31