Әлихан Смайылов Өзбекстан Премьер-Министрінің орынбасарларымен келіссөз жүргізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлихан Смайылов Өзбекстан Премьер-Министрінің орынбасарларымен келіссөз жүргізді

29.12.2022

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Астанаға жұмыс сапарымен келген Өзбекстан Премьер-министрінің орынбасарлары Жамшид Ходжаевпен және Журабек Мырзамахмудовпен келіссөз жүргізді. Тараптар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақында Өзбекстанға жасаған сапары кезінде жасалған уағдаластықтарды іске асыру мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, өзара сауда-саттықты ұлғайту, бірлескен сыртқы сауда компаниясын құру, көлік-логистикалық ынтымақтастықты нығайту және тиісті инфрақұрылым мен өнеркәсіпті дамытуға қатысты шаралар қаралды.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу