Премьер-Министр Әлихан Смайылов «Шеврон» өкілімен келіссөз жүргізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Премьер-Министр Әлихан Смайылов «Шеврон» өкілімен келіссөз жүргізді

04.02.2022

Қарашығанақ кен орнын кеңейту жобасы болашақта өнім көлемін жылына 12 млн тоннаға ұлғайтады. Бұл тікелей инвестициялық қордағы қаржы көлемін арттыруға мүмкіндік береді. Елімізде «Шеврон» компаниясымен 248,5 млн долларды құрайтын тікелей инвестициялар қоры құрылған. Қорға шетелдік компания табысының бір бөлігі түсіп отырады.

Ол қаражат ел экономикасының басым салалары мен жергілікті әлеуметтік мәселелелерді шешуге бағытталады. Бұл жайында Үкімет басшысы Әлихан Смайылов пен «Шеврон» компаниясы өндіру мәселелері жөніндегі вице-президенті Джеймс Джонсонмен жүргізген келіссөз кезінде айтылды. Тараптар бірнеше кен орындарын кеңейтуден бөлек Каспий құбыр консорциумының қуатын арттыру перспективасын да талқылады.


Хабарламаларға жазылу