Ақтөбелік ерлі-зайыптылардан 1,5 келі есірткі табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбелік ерлі-зайыптылардан 1,5 келі есірткі табылды

28.12.2022

Ақтөбелік ерлі-зайыптылардан бір жарым келі есірткі табылды.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері оларды Бақтыбай батыр көшесінде ұстаған. Тұрғылықты мекен-жайлары мен жалға алынған гаражды тінту барысында ақ түсті ұнтақ зат салынған полиэтилен пакеттер табылды. Арнайы сараптама нәтижесінде оның есірткі екені белгілі болды. Енді күдіктілер 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Берік Боранбаев, облыстық ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі:

Алынған заттың бір жарым келі мефедрон есірткісі екені анықталды. Осы факті бойынша ҚР ҚК 297 бабы 3 бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.

Жақсыбек  Кемал

Хабарламаларға жазылу