Шымкентте 250-ге жуық кәсіпкерге заңсыз айыппұл салынған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте 250-ге жуық кәсіпкерге заңсыз айыппұл салынған

28.12.2022

Шымкенттегі салық мекемесі 250-ге жуық кәсіпкерге заңсыз айыппұл салған. Құзырлы орган кәсіп иелерін 1 мың айлық есептік көрсеткіштен аспайтын келісімшарттарды көп жасағаны үшін айыптаған. Осыны негізге алып, кәсіпкерлер жасаған төлемдерді біріктіріп, мәміле соммасының 5 пайызы көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеген.

Мәселен мегаполистегі құрылыс салумен айналысатын компанияның бірі 400 миллион теңгеге әртүрлі зат сатып алған. Ол үшін тауар жеткізуші 16 мекемемен 178 келісімшарт жасапты. Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері мұны кәсіпкердің салықтан жалтару үшін жасаған қулығы деп санайды.

Сондықтан 1500-ге тарта кәсіпкердің әрекетін саңсыз деп санаған. Оның 242-сі айыппұл арқалады. Алайда 20 миллион теңге айыппұл төлеуге міндеттенген кәсіпкер сот арқылы өз әрекетінің дұрыстығын дәлелдеп шықты.

Майя Исаева, қалалық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы бөлімінің басшысы:

Жағдай күн сайын ауқымдылыққа ие болып отыр. Шиеленісті. Құқықтарды қорғау шеңберінде палатаның бизнес омбудсмені кәсіпкерлер құқықтары жөніндегі уәкілі Жұрсынов Рустамға орталық шеңберде көмек көрсету туралы хат жолданған болатын. Сонымен қатар барлық келіп түскен арыздар қала прокуратурасына жолданған. 

Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу