Бельгиялықтар азық-түлікті Франциядан сатып алуға мәжбүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бельгиялықтар азық-түлікті Франциядан сатып алуға мәжбүр

27.12.2022

Бельгиялықтар азық-түлікті Франциядан сатып алуға көшті. Өз елдеріндегі қымбатшылық тұрғындарды көрші елдің дүкендеріне баруға мәжбүр еткен. Қазір корольдіктегі инфляция деңгейі 11 пайыздан асты. Соңғы 40 жылда болмаған қымбатшылықтан халық қажығанын айтады. Сатып алу қабілеті төмендеген тұрғындар азық-түлік, тұрмыстық тауарлар мен дәрі-дәрмекті Франциядан әкеліп жатыр.

Жозелин Вайсель, Бельгия азаматы:

Бізде баға аспандап кетті. Мына жерде бәрінің құны Бельгияға қарағанда елу пайызға төмен. Балық, тауық,ішетін судың өзі бізден үш есе арзан. Айына екі рет келіп, тамақты толтырып аламыз.

Винсент Куртье, Бельгия азаматы:

Ақшамды үнемдеу үшін 100 шақырым жерден осында қатынаймын. Көлігіме жанар-майды да осы жерде құйған тиімді. Нәтижесінде 200 еуро үнемдеймін.

Нұрсұлу Қасым

Хабарламаларға жазылу