Астанада автобус карталары қымбаттайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада автобус карталары қымбаттайды

27.12.2022

Астанада автобус карталары қымбаттайды. Бұл туралы «Сity Transportation Systems» компаниясының өкілдері хабарлады. 3 қаңтардан бастап «TRANSCARD» көлік карталарын бастапқы шығару құны қосымша құн салығын қоса есептегенде 1000 теңге болады. Қазір 800 теңге.

Картаны қайта шығару бағасы қосымша құн салығын қоса есептегенде 2000 теңге болады. Қазіргі құны - 1500 теңге. «Биыл көлік карталарын басып шығаратын касса жабдығын жаңарту жоспарланып отыр. Сондықтан баға біршама өсті»,- дейді компания өкілдері.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу