Елімізде шағын кәсіпкерлікпен айналысатын азаматтар саны артып келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде шағын кәсіпкерлікпен айналысатын азаматтар саны артып келеді

26.12.2022

Елімізде шағын кәсіпкерлікпен айналысатын азаматтар саны артып келеді. Алайда, бизнеске жаңаша леп кіргізіп, инновация енгізетіндер әлі де көп емес. Биыл ғалымдар мен әлеуметтік әлжуаз топқа жататын кәісп иелерінің бастамасын қолдау үшін мемлекеттен қаржылай грант бөлінді.

Айнаш Тұяқова - екінші топтағы мүгедек. Мұғалім болып жұмыс істеп жүргенде инсульт алып, жүріп тұруы қиындаған. Денсаулығы түзелген тұста тігінші болып еңбек етуді бастады.

Айнаш Тұяқова, тігінші:

Мен енді асықпай істейтін адаммын. Көбінесе осы берген сумкаларды тігемін. Бір 30, 40, 50 шығады. Киім тігеміз. Ана жерде шапандар тұр, худи дейді соларды тігеміз.

Мәтін: Бұл тігін шеберханасы әлеуметтік жоба ретінде екі жыл бұрын ашылған. Қазір 15 адам жұмыс істейді. Соңғы кезде ұлттық нақыштағы бұйымдарға тапсырыс көптеп түсе бастады. Тек осы айда ғана сөмкелер мен көрпешелер артығымен жасалды. Алайда, оларға ою салатын қымбат тігін машиналары болмаған. Мемлекет тарапынан бөлінген ақшаның арқасында мәселе жылдам шешілді.

Аякөз Шнайдер, кәсіпкер:

Мысалы, бір лазерный станок бір жарым миллион тұрады. Екінші тігін машинасының ең арзаны 4 жарым миллион тұрады. Анау петельный машина 1 миллион тұрады. Екі жыл жинаған ақшама 5 миллион теңге грант алдым. Соған мен лазерлі машина алдым.

Мемлекеттен көмек алып жатқандардың қатарында ғалымдар да бар. Олар ойлап тапқан платформа науқастарға ауруды асқындырып алмай, оны дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді. Мысалы, короновирустан кейін иммунитеті әлсіреген науқастар үшін кейбір препараттар шипа болмай, керісінше зиянын тигізді. Ерекше құрылғы осындай ағзаға қажет емес дәрі-дәрмекті анықтауға көмектеседі.

Нұрлыбек Үдербаев, ғалым:

Адам келді ме, біз жалпы анализін аламыз да, көзінше осылай санап айтамыз «Сіз осындай дәрілерді қабылдап жатсыз». Ол айтады «Иә қабылдап жатырмын». «Алып тастаңыз. Бір жетіден кейін қайта тапсырыңыз». Ол қайтадан тапсырады. Олар орнына келеді. Ағзасына керек емес дәрілер қолданады ғой кейбіреулер.

Мұндай бастама халық үшін сөз жоқ, тиімді. Алайда, мемлекет деңгейінде кеңінен танылуы үшін инвестиция тартуды қажет етеді. IT мамандар мен менеджерлер де керек. Қазір жобаның ғылыми негіздемесі жауапты министрліктің қарауына ұсынылды.

Ламбриан Топузидис


Хабарламаларға жазылу