Алматыда жастарға 500 грант беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда жастарға 500 грант беріледі

23.12.2022

Өнертапқыштар мен IT бағытында жұмыс істейтін талантты жастарға келер жылы 500 грант бөлінеді.

Қаржылай көмек көрсетіліп, олардың ойлап тапқан тың жобалары пайдаға асырылады. Бұл мақсатқа 500 млн теңге қаралған. Жобаны Алматы қалалық кәсіпкерлер палатасында құрылған Инновация және креативті индустрияларды дамыту Комитеті жүзеге асырады.

Бүгін өткен комитеттің алғашқы отырысына бизнес және ғылым саласының өкілдері қатысты. Спикерлердің сөзінше, комитеттің міндеті – жобаларды коммерцияландыру бойынша ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді дамыту.

Айтуар Қошмамбетов, Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры:

Біздің негізгі мақсатымыз ғылыми жетістіктерді комерцияландыру. Инновацияны бизнесте қолдану. Сонымен қатар мемлекеттік кәсіпорындарда қолдану. Беріліп жатқан гранттардың суммасы аз емес. Алайда ол гранттар қандай өнімге, тауарға жете ме, жетпей ме? Соңғы кезеңі қандай болатыны белгісіз. Сондықтан біз осыған көңіл бөлеміз.

Нұрсұлтан Тілектес

Хабарламаларға жазылу