Ақтауда оқушы палеонтология ғылымын зерттеп жүр
Ақтауда 9-сынып оқушысының палеонтология тақырыбындағы көрмесі өтіп жатыр.
Оған Маңғыстау өңірін миллиондаған жылдар бұрын мекендеген су жануарларының сүйектері мен қаңқа қалдықтары қойылған. Мамандандырылған IT-лицейде оқитын Мәрия Жөнелбекованың палеонтология ғылымына қызығушылығы аммонит қабығын көрген сәттен басталған.
Содан бері ол ізденіс үстінде. Аймақтың ежелгі Тетис мұхитының табаны екені тарихтан белгілі. Жеткіншек ата-анасының қолдауымен өңірдің талай жерін жаяу аралап, көптеген алып су жануарларының қаңқасын тапқан.
Мәрия Жөнелбекова, мамандандырылған IT-лицейдің 9-сынып оқушысы:
Мен палеонтология туралы көп іздендім, кітаптар оқыдым. Жетекшімнің қолдауымен ғылыми жоба қорғап, оқу құралын шығардық. Жануарлардың қаңқаларын тапқан кезде ерекше қуанышты сезімде боламын. Ол туралы мәлімет іздеп, жұмыс солай жалғаса береді.
Сұлтанбек Құдайберген, Ә.Кекілбайұлы атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры:
Ихтиозаврлардың, элосмозаврлардың өмір сүргенін, плеозаврлардың өмір сүргенін кім білген? Солардың бәрінен хабар беретін палеонтология ғылымы, бізде әсіресе маңғыстау өлкесінде ол дамуы керек. Біз осы жобаның аясында қолымыздан келгенше өзіміздің көмек қолдауымызды көрсеттік, көрсете береміз де.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елімізде бір жылда 298 медициналық мекеме салынды
22.01.2026, 21:36
«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының иегерлері марапатталды
22.01.2026, 21:36
«Келешек мектептерінің» 40 пайыздан астамы ауылдық жерде ашылды
22.01.2026, 21:34
«Ақтөбе – Ұлғайсын» төрт жолақты жолының құрылысы 2 жылда бітеді
22.01.2026, 20:46
«Келешек мектептері»: 7 мектепте үш ауысым мәселесі шешілді
22.01.2026, 20:32
Шетелдік сарапшылар: Қазақстанда ауқымды демократиялық реформалар жүзеге асып жатыр
22.01.2026, 20:28
Конституциялық реформа – бетбұрыс кезеңі
22.01.2026, 20:27
Техникалық апатқа байланысты арнайы комиссия құрылды
22.01.2026, 20:19