Мемлекеттік тіл мәселесімен айналысатын мемлекеттік комиссия құрылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік тіл мәселесімен айналысатын мемлекеттік комиссия құрылады

26.11.2021

Елімізде мемлекеттік тіл мәселесімен айналысатын Мемлекеттік комиссия құрылады. Бұл туралы Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев Түркістанда өткен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының VI Құрылтайы барысында мәлімдеді. Келелі жиында мемлекеттік тіл туралы заң жобасын іске асыру жайы да сөз болды. Қоғамның Орталық Кеңесінің жаңа құрамы бекітілді. Құрылтайда бас қосқандар «Қазақ тілі» қоғамының президенті қызметіне белгілі қоғам және мемлекет қайраткері, Мәжіліс депутаты Берік Әбдіғалиұлын сайлауды бірауыздан қолдады. Оның орынбасарлығына тіл институтының директоры Анар Фазылжанқызы мен белгілі журналист Максим Рожин сайланды. Жиында тілге қатысты заңға өзгерістер енгізу де ұсынылды.


Хабарламаларға жазылу