Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшысы Райымбек Баталовты қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшысы Райымбек Баталовты қабылдады

20.12.2022

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшысы Райымбек Баталовты қабылдады. Ол президентке отандық кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту жөнінде атқарылып жатқан жұмыстар, мемлекет пен бизнес арасындағы ынтымақтастық жайын баяндады.

Сондай-ақ, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бюджет бағдарламасына тәуелділігі түбегейлі азайғанын жеткізді. Президент «стратегиялық шешімдер қабылдау кезінде бизнестің мүддесін ескеру маңызды», - деді.

Сәбит Әлдебай

Хабарламаларға жазылу