Жамбыл облысындағы екі ауданда атыс қаруы табылды
Жамбыл облысында 13 қару мен 345 патрон табылды. Тәркіленген қару ішінде автомат, тапанша, 2 тегіс және 7 ойық ұңғылы мылтық, сондай-ақ травматикалық тапаншалар бар. Мылтықтың бірі Мойынқұм ауданындағы 38 жастағы малшыдан, қалғаны Тараз қаласының маңында және аудандарда жасырылған жерінен табылды. Кейбір қарудың нөмірі әдейі өшірілген. Олардың барлығына сот-баллистикалық сараптама тағайындалды.
Түркістан облысында тәртіп сақшылары жеңіл автокөлік салонынан екі шолақ және бір аңшы мылтығын тәркіледі. Күдікті ретінде Кентау қаласының тұрғыны қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда ОСК төрағасы сайлау учаскелерінің дайындығын тексерді
15.08.2026, 20:05
Әлемдегі үздік жас бағдарламашылардың бестігіне енді
15.08.2026, 20:04
Астанада халықаралық мектеп ашылды
15.08.2026, 20:03
ДСМ: Балаларға стоматологиялық көмек қолжетімді болуы керек
15.08.2026, 20:02
Астана тұрғындары Шәмші Қалдаяқовтың құрметіне ұйымдастырылған музыкалық челленджге қосылды
15.08.2026, 16:39
«Lotus Fest-2026»: 94 адам Run марафонына қатысты
15.08.2026, 14:07
Smart City жүйесін дамытудың жаңа ережесі бекітілді
14.08.2026, 20:44
«Shaiqas-2026»: Ұлттық әскери-инженерлік чемпионаты өтіп жатыр
14.08.2026, 20:31