Футбол: Бензема ұлттық құрамада ойнаудан бас тартты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Футбол: Бензема ұлттық құрамада ойнаудан бас тартты

20.12.2022

Франция футболшысы Кәрім Бензема ұлттық құрамада ойнаудан бас тартты.

«Алтын доп» иегері бұл шешімін Әлем чемпионатында Франция Аргентинадан жеңілгеннен кейін бір күн өткен соң жария етті. Футболшының өзі жарақат алуына байланысты Қатарға бара алмады. Оның ойынша, әлем кубогында әділетсіздік болған. Ұлттық құрамада ойнаудан бас тартуының бір себебі де осы. Бірақ сұрмерген «Реал Мадрид» командасында ойнауды жалғастыра береді. Кәрім Бензема екі мәрте Еуропа чемпионатында, сондай-ақ 2014 жылы Әлем чемпионатында өнер көрсеткен.


Хабарламаларға жазылу