Айгүл Сейілдің «Ой керуен» кітабы жарыққа шықты
Ақын, журналист Айгүл Сейілдің «Ой керуен» кітабы жарыққа шықты. Ұлттық академиялық кітапханаға жиналған қаламгерлер автордың жаңа туындысын оқырманға таныстырды.
Кітапта Айгүл Сейілдің 15 жылда жазған шығармалары жинақталған. Осы уақытқа дейін «Қазақ әдебиеті», «Жас Алаш», «Егемен Қазақстан» басылымдарына шыққан әдеби талдаулары, мақала мен сұхбаттары қамтылған. Мемлекеттік тапсырыс арқылы кітаптың 3 мың данасы басылып шықты. Туынды кітапханаларға таратылады.
Айгүл Сейіл, журналист, «Ой керуен» кітабының авторы:
Жалпы «Ой керуен» деп атаудың себебі болды. Өйткені ой деген керуен секілді нәрсе ғой. Ойдың өзі көшеді. Әр дәуірдің, әр заманның өзіне тән ойлары болады. Негізгісі әдебиет зерттеулер, әдеби талдаулар деп ойлаймын. Әлеуметтік тақырыпта жазылған мақалалар болған. Соны да кіргіздік.
Ақерке Бектас
Автор
Ақерке Бектас
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Заң мен тәртіп – Әділетті Қазақстанның басты қағидаты»
07.09.2026, 11:09
Silk Way Star байқауының екінші маусымы басталды
07.09.2026, 10:43
Қазақстан тарихының көптомдығын баспаға дайындау жұмыстары пысықталды
07.09.2026, 10:40
Президент Валерий Михайловты 80 жылдық мерейтойымен құттықтады
07.09.2026, 10:31
Талдықорғанда IT мамандарын даярлауға арналған білім кампусы ашылды
07.09.2026, 10:03
Ақмола облысында алтын өңдеу фабрикасының құрылысы басталды
07.09.2026, 10:01
Германияда су тапшылығы күшейді
07.09.2026, 10:00
Индонезияда жанартау атқылап, 8 әуежайдың жұмысы тоқтады
07.09.2026, 09:59