Қазақстан-Пәкістан арасында әріптестік байланыс нығаяды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан-Пәкістан арасында әріптестік байланыс нығаяды

13.12.2022

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастаған делегация Пәкістан Ұлттық Ассамблеясының спикері Раджа Первез Ашрафтың шақыруымен Исламабадқа барды. Екі ел арасындағы парламентаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Қазақстан мен Пәкістанның өзара сауда-экономикалық қарым-қатынасы жыл санап артып келеді. Былтыр қос елдің тауар айналымы 100 миллион долларға жуықтаған. Бұл көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда екі есе жоғары. Мәжіліс спикері Пәкістан Қазақстанның Оңтүстік Азиядағы маңызды серіктесі екеніне тоқталды. Алдағы уақытта екі жақты алыс-беріс, барыс-келіс одан әрі нығая түсеріне сенім білдірді.  

Сәбит Әлдебай

Хабарламаларға жазылу