Маңғыстаудағы екі ауылда ауыз су 200 теңгеге қымбаттады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстаудағы екі ауылда ауыз су 200 теңгеге қымбаттады

13.12.2022

Маңғыстау облысының Ақшұқыр және Сайын Шапағатов ауылында ауыз су бағасы бірден 200 теңгеге қымбаттады. Ал жергілікті тұрғындар жаңа тарифке келісім бермеген. Олардың айтуынша, бұл мәселе бойынша қоғамдық тыңдау өтпеген. Сапалы ауыз суға зар болып отырған жұрт бағаны қайта қарауды талап етті. Ақшұқыр және Сайын Шапағатов ауылында 17 мыңға жуық халық тұрады.

Руслан Бағдатов, Сайын Шапағатов ауылының тұрғыны:

418 теңге, оны да 662 теңгеге көтеріп отыр қазір. Бағасын заңсыз көтеріп отыр деп есептейміз. Мына мекемені батпақтан шығарып алудың арқасында, ортадағы делдал мекемелерді тойдыру үшін, мына бағаны көтеріп отыр. Біз оған түбегейлі қарсымыз.

Алайда, тарифті бекіткен құзырлы мекеме басшысы шешімдерінің заңға сай екенін алға тартты. Қоғамдық тыңдау болатыны жөнінде депараменттің сайтына және газетке хабарландыру берілгенін және енді тарифті өзгерту мүмкін емес екенін жеткізді.

Жандос Сәлімов, Табиғи монополияларды реттеу комитетінің маңғыстау облысы бойынша департамент басшысы:

Судың 1 текше метрі-591 теңге болып бекітілді. Соңғы рет 383 теңге болып, 2009 жылы бекітілген еді. Бұл ақылға қонымды тариф. Аталған екі ауыл да Ақтауға жақын орналасқанмен, суға субсидия қарастырылған. Тариф қаншаға көтерілсе де, адам басына 3 текше метрге дейін, текше метріне 70 теңгеден төлейді.

Аягөз Оралбайқызы

Хабарламаларға жазылу