Үкімет отырысы: Инфляция артып, экономикалық өсім төмендеген
Министрлер мен әкімдердің жұмысы есеп-қисаппен емес, нақты нәтижемен өлшенуі керек. Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы осылай деп мәлімдеді.
Қасым-Жомарт Тоқаев елдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткішіне тоқталды. Инфляцияның күрт өскенін, ал экономикалық өсімнің керісінше төмендеп кеткенін айтты.
Мысалы, 11 айда өсім деңгейі 4,6%-дан 2,7%-ға дейін түсті. Президент әсіресе инфляцияның соңғы 14 жылда болмаған деңгейге жеткенін еске салды. Қазір бұл көрсеткіш – 19,6%. Қасым-Жомарт Тоқаев мұндай ахуал жұрттың табысы мен әл-ауқатына кері әсерін тигізіп отыр,- деді.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Азаматтарымыз нақты оң өзгерістер бүгін және қазір болады деп үміттеніп отыр. Осы үміт пен сенімді ақтау – алдымызда тұрған ең басты міндет әрі қастерлі парыз. Сондықтан сайлау алдындағы бағдарламаны жүзеге асыру үшін арнайы жоспар қабылданды. Барлық іс-шара уақтылы және толық орындалуы керек. Әрбір министрдің, әкімнің жұмысы статистикамен, есеп-қисаппен емес, нақты нәтижемен өлшенетін болады.
Үкімет ауыл халқының табысын арттыруға 1 трлн теңге бағыттайды. Премьер-Министр Әлихан Смайылов тұрғындардың табысын арттыру жөнінде жобаны іске асыру басталғанын жеткізді. Келер жылы бұл мақсатқа 70 млрд теңге бөлу көзделген.
Жалпы 5 жылдың ішінде осы жобаға 1 трлн теңге бағытталады. 1 миллионнан аса ауыл тұрғыны қамтылады деген жоспар бар. Осы арқылы 350 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылады деп күтілуде. Биыл 830 мыңнан астам адам жұмысқа орналасқан. Соның ішінде 233 мыңы – жастар.
Ақерке Бектас
Автор
Ақерке Бектас
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Заң мен тәртіп – Әділетті Қазақстанның басты қағидаты»
07.09.2026, 11:09
Silk Way Star байқауының екінші маусымы басталды
07.09.2026, 10:43
Қазақстан тарихының көптомдығын баспаға дайындау жұмыстары пысықталды
07.09.2026, 10:40
Президент Валерий Михайловты 80 жылдық мерейтойымен құттықтады
07.09.2026, 10:31
Талдықорғанда IT мамандарын даярлауға арналған білім кампусы ашылды
07.09.2026, 10:03
Ақмола облысында алтын өңдеу фабрикасының құрылысы басталды
07.09.2026, 10:01
Германияда су тапшылығы күшейді
07.09.2026, 10:00
Индонезияда жанартау атқылап, 8 әуежайдың жұмысы тоқтады
07.09.2026, 09:59