Сербия президенті Косовоға әскер кіргізуге ниетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сербия президенті Косовоға әскер кіргізуге ниетті

12.12.2022

Сербия президенті Александр Вучич Косовоға әскер кіргізуге ниетті екенін жеткізді. Оның сөзінше, НАТО бұл жоспарды қолдамаса да, талпыныс жасау қажет.

Қазір Косовода жағдай ушығып тұр. Серб басылымдарының мәліметінше, мұнда жарылыстар мен атыс болған. Бұған дейін Косовоның солтүстігіндегі сербтер шеруге шығып, баррикадалар тұрғызған еді. Олар отставкаға кеткен полиция қызметкерінің тұтқындалуына наразы.

Жалпы аймақтағы шиеленіс көптен бері басылмай тұр. Соңғы кездері Косово билігінің сербтер тұратын аудандарда желтоқсанның 18-не жергілікті сайлауды белгілеуіне байланысты жағдай ушықты.  

Арай Төлеген

Хабарламаларға жазылу