Еуропада құс тұмауы өршіп тұр
Еуропада құс тұмауы өршіп тұр. Соңғы бір айда 10 миллионнан астам қанатты өртелген. Қарт құрлық елдері індеттің таралуына тосқауыл қою үшін қандай шара қолданып жатқанын Брюссельден байланысқа шыққан әріптесім Нұрсұлу Қасымнан білейік. Нұрсұлу, қазір құс тұмауы қай елдерде өршіп тұр?
Нұрсұлу Қасым, тілші:
Құс тұмауы қазір Франция мен Германияда өршіп тұр. Қос елдің шаруа қожалықтарында бір аптаның өзінде 3 миллионнан астам қанаттының көзі жойылған. Былтыр осы індеттің кесірінен Еуропада 48 млн құс өртелген болатын. «Биыл қыста шығын екі есе көп болады» - дейді шаруалар. Қазір шаруа қожалықтары тауықтарды сыртқа шығармай, жабық жерде ұстап отыр. Германияда хайуанаттар паркіндегі құстардан да індет анықталып, бірнеше зоопарк карантинге жабылды.
Соңғы айда тауық еті 20 пайызға, жұмыртқа 25 пайызға қымбаттады. Дүкендерде тауық өнімдерінің түрі азайған. Құстар індеттен осылай қырыла беретін болса, онда Рождество, Жаңа жыл мерекелерінде еуропалықтардың дастарханында күркетауық пен үйректің еті болмайды деп отыр мамандар.
Нұрсұлу Қасым
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елдегі энергия саласының әлеуеті артады
10.03.2026, 20:56
Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды
10.03.2026, 20:49
Өңір тұрғындары Конституциялық реформаға қолдау білдірді
10.03.2026, 20:16
Шетелге саяхаттау қауіпсіз бе?
10.03.2026, 20:16
Сыртқы Істер министрлігі ескерту жасады
10.03.2026, 20:12
Зейнетақы шотындағы артық ақшаны емге пайдалануға қайтадан рұқсат етілмек
10.03.2026, 20:12
Елімізде былтыр 20 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді
10.03.2026, 20:10
Референдумды 359 халықаралық байқаушы бақылайды
10.03.2026, 20:09