АҚШ Киевке тағы әскери көмек береді
Америка Құрама Штаттары Украинаға тағы 275 миллион доллардың қаруын беретінін жарияламақ. Мұны «Рейтер» агенттігі хабарлады. Оның дерегінше, жаңа траншқа дрондарға қарсы арсенал, «Хаймарс» реактивтік жүйесіне қажетті ракеталар, әскери автомобильдер, гаубица снарядтары кіреді.
Айта кетсек, ақпаннан бері Вашингтон Киевке 19,1 миллиард доллардың қауіпсіздік жәрдемін жөнелткен. Майдандағы жағдайға тоқталсақ, қазір Украина әскері Донецк облысындағы Бахмут, Авдеевка елді мекендерін ресейліктерге бермеуге күш салып жатыр.
Украиналық жауынгерлер Луганск облысының Сватова қаласында қарымта шабуылға көшуге әрекеттенді.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17