Астанада «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» республикалық акциясы өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» республикалық акциясы өтіп жатыр

09.12.2022

Астанада «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» республикалық акциясы өтіп жатыр. Полиция департаментінің өкілдері есепте тұрған адамдарды тұрғылықты жері бойынша тексеріп шықты.

Шараның мақсаты — тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу. Сондай-ақ осы бағытта қабылданып жатқан шаралар туралы халықты хабардар ету, қоғамдағы отбасының рөлін нығайту мен құқықтық тәрбиені насихаттау. Қалалық полиция департаментінің өкілі Гүлмира Ахметованың айтуынша, жүргізіліп жатқан рейдтің оң нәтижелері бар. Мәселен жыл басынан бері 300 отбасы келісімге келіп, қалыпты өмірге оралған.

Гүлмира Ахметова, қалалық ПД әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімінің аға инспекторы:

Бізде жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың 90 пайызы ішкіліктің кесірінен орын алады. Біз барған соңғы мекен-жайда үлкендер жоқ. Көршілердің айтқанын өздеріңіз естідіңіздер алкогольдік ішімдікке мас болған кезде үйдің берекесін, тыныштығын алатынын. Мұндай жұмыстар бүкіл аудандық полиция басқармаларында жүргізіліп тұрады. Бұл күнделікті жасалатын жұмыстардың бірі.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу