Екібастұзды жылумен қамтуға жауапты монополист инвестициялық міндеттемелерге салғырт қараған
Екібастұзды жылумен қамтуға жауапты монополист компания инвестициялық міндеттемелеріне салғырт қараған. Соның салдарынан жыл сайынғы жобаланған жөндеу жұмыстары шала жүргізіліген. Павлодар облысының прокуратурасы іс қозғап, одан әрі тергеу жұмыстары уәкілетті орган – полицияға берілгенін бұған дейін хабарлағанбыз.
Кеше ведомствоаралық жұмыс тобының құрамына сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен тергеу бөлімшесінің өкілдері де кірді. Мәселен биыл жылу желісінің үш шақырымы ауыстырылуы керек болса, іс жүзінде 600 метр ғана құбыр салынған. Бұны станса басшылығы ұзақ уақыттан бері тарифтің өзгермеуімен байланыстырады. Сол себепті кәсіпорын шығынға белшеден батты,-дейді олар.
Бағдат Орал, энергетикалық корпорацияның басқарма төрағасы:
Кіріс көзі- ол тариф. Бұл сұрақты біз осы апат болғаннан ғана емес, одан да бұрын көтерген болатынбыз. Біз бұл сұрақты 18-ші,19-шы,20-шы жылы тек қана «ЕкібастұзЖылуЭнерго» мекемесі жағынан емес, барлық энергетикалық компаниялар тұрғысынан көтерген болатынбыз. Тек қана тариф көтеру керек деп біз ешқашан айтқан жоқпыз. Біз айттық басқа бір механизмдерді табу керек дедік.
Болат Аманбаев
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17