Ақтаулық волонтерлар Екібастұзға гуманитарлық көмек жіберді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтаулық волонтерлар Екібастұзға гуманитарлық көмек жіберді

09.12.2022

Ақтаулық волонтерлар Екібастұзға гуманитарлық көмек жіберді.

Олар қақаған қыста жылусыз қалған тұрғындарға көмектесуді сұрап, әлеуметтік желілер арқылы хабарлама таратқан. Нәтижесінде балалар мен ересектердің су жаңа қыстық киімдері, электр пештері мен көрпе-төсектер жиналған.

Заттарды сұрыптап, қапшықтарға салуға студенттер қолқабыс еткен. Ал әкімдік жүкті жеткізу үшін 2 көлік шығарған. «Біз біргеміз»  қайырымдылық қорының мүшелері енді Екібастұздықтар үшін азық-түлік жинамақ.

Аягөз Оралбайқызы


Хабарламаларға жазылу