Мемлекет басшысы бүгін Қырғызстанға барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы бүгін Қырғызстанға барды

09.12.2022

Мемлекет басшысы бүгін Қырғызстанға барды. Президент Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесінің отырысына қатысады. Онда қандай мәселелер қаралмақ? 

Асима Нұрбайқызы, тілші:


Бірер сағат бұрын Мемлекет басшысы мінген ұшақ Бішкек әуежайына келіп қонды. Қасым-Жомарт Тоқаевты Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров күтіп алды. Сонымен қатар Қырғызстан астанасына Одаққа мүше Ресей, Беларусь, Армения президенттері де келді. Олар қазір жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысып жатыр. Ал бақылаушы мәртебесіне ие Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзеев келмей қалды. Орнына осы елдің преьмер министрі Арипов қатысуда.

Бестік құрам алдымен шағын, кейін кеңейтілген құрамда кездеседі. Талқыланатын проблема көп. Әсіресе, кедендегі кедергілер, көші-қон саласы, көлік-логистика мәселелеріне екпін берілмек. Одақтың аясы алда тағы кеңеюі мүмкін. Еркін сауда айналымына 20-ға жуық ел қызығушылық танытып отыр. Алыс-беріс еуразиялық аймақпен шектелмейді. Басқа құрлықтағы Куба да бақылаушы ел қатарында. Демек, географиялық ауқымы да өсіп жатыр. Бірақ, одақ аясында проблемалар да аз емес. Тараптар бүгін осы мәселелерді қаузайды. Жиын соңында бірнеше құжатқа қол қойылуы мүмкін.


Хабарламаларға жазылу